Жас спортшылар жеңісі

Еліміздің жас таэквандошылары Корея Республикасында өткен халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсетті. Елге жеңіспен оралған жас спортшыларды Қарадала халқы салтанатты түрде қарсы алды. Ата-ана сенімін ақтаған жас чемпиондардың қуанышында шек жоқ.  Оларға «Өрлеу» өнер мектебінің ұжымы ыстық ықыласын білдірді. Салтанатты шарада ақсақалдар ақ батасын беріп, чемпиондарға жарқын болашақ пен толағай табыс тіледі. Бүгінде Ұйғыр ауданында таэквандомен 100-ге жуық бала тұрақты шұғылданады. Арасында Қазақстан чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар.Олар өңір спортын өркендетіп келеді. 


АМАНГЕЛДІ МЕЛІСҰЛЫ
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ 
«Таэквондодан Корея Республикасының Чунчон қаласында өткен J2-1 рейтингілік турниріне ауданымыздан төрт спортшы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Әлижан Әлекеев чемпион атанса, Әмина Мұхаметқали күміс, Ақниет Дүйсенбай қола жүлдені жеңіп алды. Ал Сеул қаласында өткен J1 рейтингілік турнирде Даниярқызы Диана қола жүлдегер атанды. Осы бүлдіршіндер ауданымыздың ғана емес, Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап жүр. Бұл – балалардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың жүйелі жұмысының жемісі.»

Сондай-ақ оқыңыз: