Әлемдік жоба талқыланды

Алматы облысы су -мотор спортынан формула -1 әлем чемпионатының бір кезеңін қабылдауы мүмкін. Бүгін Қонаев қаласында облыс әкімдігі мен «Формула -1 H2O Racing» компаниясы арасында туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжат аясында тараптар келесі жылы  Қапшағай су қоймасында халықаралық жарысты өткізуді пысықтады.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ауқымды чемпионат арқылы  өңірге мыңдаған турист келеді. Халықаралық дода аясында мәдени-ойын-сауық  фестиваль өткізу көзделіп отыр. 


ЯССЕР ӘЛЬ-ЯМИ
ИНВЕСТОР 
«Бүгін біз Қонаевтағы «Kaz Riviera» жобамызды талқылап, 2027 жылы судағы Формула -1 әлем чемпионатын өткізу бойынша келісімге қол қойдық. Бұл өңірдің мүмкіндігі өте жоғары. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді, ал Алматы облысы инвесторлар үшін күн санап тартымды өңірге айналуда»

Сондай-ақ оқыңыз: