Әлемдік додаға дайындық

Әлемдік «Формула-1 H2O Racing» чемпионаты келесі жылы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін. Осыған байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев халықаралық компания өкілдерімен кездесті. Кездесуде  жарысты ұйымдастыру, серіктестік орнату және қажетті инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды. Негізгі мақсат – Алматы облысын халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өтетін маңызды орталыққа айналдырыу. Бұл бастама өңірге  инвестиция тартып, туризмді дамутыға сол мүмкіндік. 


РАЙМОНДО ДИ САН ДЖЕРМАНО
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
«Қонаевты таңдағанымыздың басты себебі халықаралық жарыстар өткізуге қолайлы әрі көрікті су айдыны. Алдағы бес жылда бұл өңір туризмнің  маңызды орталықтарының біріне айналады деп сенеміз. Сонымен қатар Қазақстанда су-мотор спорты федерациясын және пилоттар даярлайтын мектеп ашсақ дейміз»  

Сондай-ақ оқыңыз: