Режиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
Қазақ киноматографиясының дамуыны елеулі үлес қосқан, белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден озды. Қаралы хабарды еліміздің Мәдәниет және ақпарат министрлгі жеткізді. Ол дарынды режиссер, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногерлердің қалыптасуына ықпал етті. Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алды. Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды. Ардақ Жамансарыұлының өнегелі ғұмыры мен қазақ кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.
ГҮЛНӘР ӘБІКЕЕВА
ҚАЗАҚСТАН КИНОСЫНШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
“Осыдан үш апта бұрын ол кісімен сұхбаттастық. Сонда ол жаңа «Жошы» фильмінің трейлерін көрсетті. Мен: "Отырардың күйреуінен" кейін тарихи тақырыпқа қайта оралғаның қуантады», – дедім. Сонда ол: «Фильмнің 50 пайызы жасанды интеллектінің көмегімен жасалады. Көшпенділер өмірін, ауқымды көріністердің барлығын жаңа технологияның көмегімен жасауға болады», – деді. Өкінішке қарай, бұл жоба жүзеге аспай қалды. Ардақ Әмірқұлов – нағыз күрескер, рухы өте мықты адам. Ол артынан мол мұра қалдырды