Күй мен заманауи ырғақ

Алматыда алғаш рет қазақ домбырасы мен еуропалық электронды музыка үнін ұштастырған халықаралық концерт өтті. Қазақстандық домбырашы Айя Андасбай мен италиялық сазгер Юлия Ефремова дәстүрлі үнді заманауи ырқақпен үйлестірді. Ерекше бағдарлама әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды. 


Еуропа мен қазақ өнерін ұштастырған қос таланттың танысқанына небәрі 2 жыл болған. Soundseeker сахналық есімімен танымал сазгер әрі музыкалық продюсер Юлия Ефремова Миланда еңбек еткен. Ал Айя Андасбай дарынды да домбырашы. Әйтседе арадағы мыңдаған шықырым жаңа жобаның бастау алуына еш кедергі келтірмеді. 


АЯ АНДАСБАЙ
САЗГЕР, ДОМБЫРАШЫ 
«Юлия өзі маған ұсыныс жасады. Мен бір музыка жазар едім, сен маған ойнап бере аласың ба деді. Оның музыкасы ерекше енді. Негізі қандай музыка жазсам да музыканың бүкіл ырғағын мінезін, шертпені де, төкпені де әртүрлі көрсетуге тырысам. Маған өзі де жақында айтып жатыр Айя сен ойнасаң күй сияқты ойнашы дейді. Аякөз деп атын қойып қойған бір музыка бар. Соны жарыққа шығарып, халықаралық  фестивальге дайындап жатыр.»

Айя Андасбай Балқаш ауданының тумасы. Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебін тәмамдаған. Талантты ару бірнеше саз аспабын еркін меңгерген. Жиырма жылға жуық уақыт дыбыс режиссері ретінде еңбек еткен өнер иесін сахнаға қайта жетелеген – қазақтың қасиетті домбырасы. 

ЮЛИЯ ЕФРЕМОВА
САЗГЕР
«Біз домбыра мен қобыздың табиғи үнін көпшілікке тыңдату мақсатында осында арнайы келдік. Алдағы уақытта Қазақстанның дәстүрлі музыкалық аспаптарын бүкіл әлемге таныстырып, халықаралық фестивальдерге қатысқымыз келеді».

Бүгінде дуэттің шығармалары халықаралық цифрлық музыкалық платформаларда өз тыңдарманын тауып жатыр. Бірлескен туындыларының қатарында Shalkargate, Ayagoz, Botagoz және басқа да композициялар бар. Енді олар Ригада өтетін музыка фестиваліне қатысып, Еуропаның өзге де елдерінде концерт ұйымдастыруды  жоспарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз: