Абай мұрасы
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Жастар арасында кең тараған интеллектуалдық ойында қатысушылар ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты логикалық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Ойын бас аяғы 5 кезеңнен тұрды. Тапқырлық пен терең ізденісті қажет ететін сайысқа студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған 6 команда қатысты.
АЯЖАН ИСМАИЛОВА
СТУДЕНТ
«...Мен өзім Абай жолының 4 томын оқып шыққанмын. Бірақ бұл тақырып әлі күнге дейін ашыла бермейді. Меніңше осындай куиздер жиі болып, ашып, балаларды білімге ұмтылдыру керек деп ойлаймын»