Алатау арланы
Қарасай ауданында өңірдің үздік балуандары анықталған «Алатау арланы» облыстық іріктеу турнирі өтті. Жеңімпаз 15-ші тамыз күні республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде Алматы облысының намысын қорғайды. Тартысқа толы дода нәтижесінде кім оза шықты? Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия тарқатсын.
Балуандар жеңістің бағасын жақсы түсінді. Жарысқа салмағы 90 келіден жоғары 29 спортшы қатысты. Әр балуанның спорттағы өз жолы бар. Бірі чемпион болса, бірі спорт шебері. Олар сан алуан әдіс-тәсілдерін көрсетіп, шеберліктерін паш етті. Белдесуде ең бас балуан - Батыржан Тоқтардың жасы 18 болса,ең үлкені, былтыр Қазақстан барысына жолдама алған Азия жүлдегері 35 жасар Жігер Сәкенұлы болды.
ЖІГЕР СӘКЕНҰЛЫ
САМБОДАН ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
«Маған енді өте жауапты күн бүгін. Өйткені былтырғы жеңімпаз мен. Титулымды қорғап қалғым келеді бір жағынан. Намысы бермеуге тырысамыз. СКЛ. Бүгінгі турнрде ең үлкен шалы десе менмін. Бағымды сынап көремін. Алланың жазғаны болады.»
Көрермен де жарыстың қызығына еніп, жігерлі қолдауын аямады. Ал турнирдің бас төрешісі Қапар Рауанов қатысушылар құрамын ұрпақтар сабақтастығының үйлесімі деп бағалады. Әсіресе ширек финал мен жартылай финалдар аса тартысты өтті. Күтпеген сәтте қарсыласын әртүрлі әдіске салған жігіттер төрешілерді де, көременді де таңдай қақтырды.
ДУЛАТБЕК ҚҰСБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Мынау қазіргі атмосфераның өзі республикалық деңгейдегіде өтіп жатыр. Ол жерге барған кезде де қатысушылар қобалжымай, республикаға дайын болып бартын іріктеу алаңы. Төрт мәрте ұйымдастырылды. Негізі бөліп жарып айта алмаймыз. Әр ауданның өзінің мықты спортшысы бар. Бірақ соңғы уақытта екі двухкартный чемпион болған бізде екі спортшымыз бар. Ол Мади Еділбаев, өзі 150кг. Сондай ақ қазір действующий чемпионымыз бар. Ол былтырғы 2025 чесмпионы Сәкен Жігерұлы деген палуанамыз бар.»
Қазақстан барысына жолдаманы қазақ күресінен ел чемпионы Нұрғали Жолтаев алды. Шешуші белдесуде Еңбекшіқазақ ауданының өкілі қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы Мәди Еділбаевты жеңді. Ал қола жүлдеге Қонаев қаласынан келген Бекнұр Тәңірберген ие болды. Турнирдің басты жүлдесі - «Алтын белбеу», өзге жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталды.