Қарғалы ауылындағы жаңадан бой көтерген мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
Қырық мыңға жуық тұрғыны бар Қарғалы ауылындағы жаңадан бой көтерген мәдениет үйінің құрылысы аяқталды.
Нысан ел игілігіне жыл соңына дейін беріледі деп жоспарланып отыр. 350 орындық ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метр. Құны 1 млрд. 300 млн.теңге. Екі қабатты зәулім ғимарат соңғы үлгіге сай салынған. Бұған дейін ауылдағы түрлі мәдени іс-шаралар мектептерде ұйымдастырылатын. Жалпы ауданда соңғы 2 жылдың өзінде 4 жаңа мәдениет ошағы қолданысқа берілді.
СЫРЫМ ӘЖІБАЕВ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Қарғалы ауылдық округі аудан бойынша екінші үлкен ауыл болғандықтан, осы жерге мәдениет үйі керек болғандықтан осы жоба басталды. Жер телімін бөлдік. Жер телімі бөлінгеннен кейін соған сай сметалық құжат дайындалды. Сараптамадан өткізілді. Жобалық құжатнамалық сметаға сәйкес қазіргі таңда жұмыстар толық аяқталып, аудандық мәдениет үйіне өткізіп беру жұмыстары жүргізілуде.»