Ұйғыр ауданында ел ынтымақтастығымен салынған спорт кешені бой көтермек
Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылындағы спорт кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын. Нысан ауыл тұрғындары мен жанашыр азаматтардың қолдауымен бой көтерді. Әлеуметтік маңызы бар жоба арқылы ауылда бұқаралық спорт дамып, жастар түрлі үйірмелереге қатыса алады.
Жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрайтын кешен бір мезгілде 200 адамды қабылдай алады. Құрылыс жұмыстары биыл наурыз айында басталды. Жобаға 300 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылған.
АЗАМАТ АБЫКАНОВ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«...Осы ауылдан шыққан ағаларымыз, тумаларымыздың бәрінің ынтымағымен қаражатымен елдің игілігіне тапсырылайын деп жатыр. Келешек ұрпаққа келешек еліміздің туын желбірететін еліміздің туын көтеретін мықты спортсмендер шығуына ел болып, жұрт болып үлес қосып жатырмыз.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарына қолжетімді болады. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасалады. Бұл жоба ауылдағы саламатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, жас таланттардың қабілетін шыңдауға да жол ашады.
САЯН БОЛАТҰЛЫ
ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ауданымызда санаулы күндерден кейін 2 кешен ашылады спорттық. Шошанай ауылында және Шонжы ауылында. Ауыл азаматтары демеушілер қолдап кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Ол кешенде енді Құдай бұйыртса спортзал, бокс үйірмесі болады, күрес үйірмесі болады, тренажор залдары болады, футбол алаңы болады дегендей. 60 тан асқан ақсақалдарға дейін жұмыс істеп жатыр. СКЛ Біздің тарапымыздан, спорт мектеп тарапынан барынша қолдау көрсетеміз. Жаңағы құрал жабдықтармен қамтамасыз етеміз, жақсы мамандарды тауып береміз»
Нысан құрылысы тамыз айынының соңында аяқталып, падалануға беріледі. Спорт кешенінің ашылуы арқылы жаңа жұмыс орындары пайда болады. Болашақта ауылда республикалық әрі халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу көзделіп отыр.Бұл жоба – ауыл халқының ауызбірлігі мен ортақ іске деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.