Халықаралық жастар күніне орай іс-шаралар өтеді

12 тамыз Халықаралық жастар күні. Осыған орай өңірде ауқымды  мәдени әрі спорттық іс-шаралар өтеді. Шара аясында «Зияткер» пікірсайыс форумы, «Abai » интеллектуалды ойыны, сондай-ақ жасанды интеллект байқауының жеңімпаздары марапатталады. Бұл туралы жастар саясаты басқармасы хабарлады. Облыстағы 430 мыңнан астам жастың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Белсенділерге «Ұмтылыс» сыйлығы табысталып, волонтерлер кездесуі мен «Жас Қадам» форумы ұйымдастырылады.

МӘДИ АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Мемлекет басшысының негізгі қағидаларына негізделіп отыр. Яғни бұл «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Оқитын ұлт» деген үлкен, жаңағы, идеологиялық бағдарламалардың аясында ұйымдастырылып отыр. Яғни әрбір іс-шараның түбіне келген кезде тек қана бас қосып, жаңағы бір естелік суретке түсіп кету емес, оның бір мәні бар, мағынасы бар, сонымен қатар сол жерден отырған әрбір жас өзіне бір түртіп алатын, жаңағы, өзіне бағыт-бағдар ретінде ала алатын ақпараттарды негіздей отырып, осы 30 іс-шараны біз топтастырдық».

Сондай-ақ оқыңыз: