Қазақстан мен Моңғолия кітапханалары арасында ынтымақтастық орнады

Алматыда өткен халықаралық кездесу аясында Қазақстан мен Моңғолия кітапханалары арасында ынтымақтастық орнады. Іс-шараға Моңғолия астанасы Ұланбатырдың Ұлттық кітапхана қызметкерлері арнайы келіп, тәжірибе алмасты. Қонақтар Сапарғали Бегалин атындағы  руханият ордасымен танысып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктері көрді. Кітапхана жұмысы  толықтай автоматтандырылған жүйеге көшкен. Моңғолия делегациясы  оқырманға қызмет көрсетудің мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық білдірді.

АЙМЕКЕН ЮСУП
КІТАПХАНАШЫ
«Мобильді қосымша оқырмандар үшін өте ыңғайлы: үйде отырып кітапқа тапсырыс бере алады. Өздеріне керек кітапты таба алады. Барлық кітапхананың қоры сол жүйеге тіркелген. Бізге де ол өте қолайлы, кітапты бұрынғыдай іздемейміз. Моңғолиядан келген қонақтар осы біздің электронды жүйеге өте қатты қызықты. Өздеріне тәжірибе ретінде алғылары келеді»

Сондай-ақ оқыңыз: