Алматы облысының әкімі Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті.

Өткен жылы тек Алматы облысы мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 24 пайызға өсіп, 30,7 млн. АҚШ долларына жетті. Бүгінде өңірде үнді инвесторларының қатысуымен жалпы құны 278 млрд. теңгенің екі ірі жобасы жүзеге асырылуда. Нақты айтқанда Қонаев пен Алатау қаласында  қонақ үй кешендері ашылмақ. Бұл жобалар арқылы 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады деп жоспарланып отыр. Тараптар Үндістанның цифрлық технологиялар, өндіріс, білім беру және туризм саласындағы тәжірибесін өңірдің дамуында тиімді пайдалануға ниетті.

САЙЛАС ТАНГАЛ  
ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
«Қазақстан мен Үндістанның стратегиялық әріптестігі 2009 жылдан бері жалғасып келеді. Екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыс бар. Біз экономика, сауда және инвестиция саласындағы  ынтымақтастықты  нығайту жолдарын талқыладық» 

Сондай-ақ оқыңыз: