Алматыда «Абай әлемі» концерттік қойылымы өтті

Алматыда  «Абай әлемі» концерттік қойылымы өтті. Айтулы кеш «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ұйымдастырылды. Игі шара аясында ұлы ойшылдың тұңғыш еңбегі - «Алғашқы кітап» деректі фильмінің таныстырылымы жұрт назарына ұсынылды.

Бұл кеште «Алатау» дәстүрлі өнер театры мереке шаттығына шомды. Мұнда ұлы ойшылдың қарасөздері оқылып, әндері шырқалды. Алғашқы бөлімде «Алғашқы кітап» деректі фильмі жұрт назарына ұсынылды. Фильм 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген алғашқы Абай еңбегінің қилы тағдыры туралы сыр шертеді. Шығармашылық топ архивтік материалдар мен сахналық қойылымдар арқылы осы бірегей туындының төл тарихын шынайы паш етуге тырысты. 

Фильм таныстырылымы аяқтаған соң «Almaty Summer Fest» атты  спектакльді концерттік бағдарламасы басталды. Елге танымал өнер жұлдыздары мен Алматыдағы бірнеше іргелі театрдың шығармашылық ұжымы сахынаға көтерілді. Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері әуеледі. 

ФАРХАТ МОЛДАҒАЛИ
 ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР
«Әуезов, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Абай атындағы ұлттық опера және балет театры, Мүсірепов театры, Өнер академиясы бар үлкен сахынаның сыртында 200 адамға дейін өнер адамдарымен техникалық құрам жұмыс жасап жатыр. Ал мына жақта 10-20 мың адам бүгін Абайды ұлықтауға келіп тұр»

Бұл кеште Ерлан Біләл, Талғат Күзембаев, Лидия Кәденова сынды театр саңлақтары мен Мақпал Жүнісова,  Асхат Тарғын сынды танымал әншілер өнер көрсетті. Бұл кеште Ерлан Біләл, Талғат Күзембаев, Лидия Кәденова сынды театр саңлақтары мен Мақпал Жүнісова,  Асхат Тарғын сынды танымал әншілер өнер көрсетті. Ал жас әнші  Нұрлан Бердібаев үшін бұл ерекше сәт.Оның  әндері жастар арасында айтарлықтай танылған.

НҰРЛАН БЕРДІБАЕВ  
ӘНШІ 
«Бүгін қатты қуанып та қатты қобалжып та тұрмын. Бүгін айтатын әнім «бар әлем әні» деп аталады. Негізінде Грек әні. Оны өзім қазақшаладым. Қазіргі таңда тикток желісінде инстаграм желісінде кеңінен таралып жатыр. Мектеп кезінде де біраз авторлық әндер жаздым. Олар өзіммен қалады. Соңғы бес айдан бері кәсіби түрде айналысып келе жатырмын»

Концертте халық Абай әндерін қосыла шырқады. Мыңдаған көрерменнің бір нотамен шұбала шыққан қоңыр үні Алматы құшағында Абай рухын әлдіилеп жатқандай ғажап әсер сыйлады. Осылайша ұлы ақын мұарсы ұрпақтар санасында мәңгі жаңғыра беретінін қайта бір әйгіледі. 

Сондай-ақ оқыңыз: