Райымбек ауданында «Қара сөз – өмір сабағы» атты әдеби-сазды кеш өтті
Райымбек ауданында «Қара сөз – өмір сабағы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Тағылымды шарада аудан тұрғындары Абай Құнанбайұылының рухани мұрасымен қайта қауышып, әдебиет пен сахна өнерінің үндестігін тамашалады. Кеште ақынның адамгершілік, білім, еңбек пен тәрбие туралы терең ойлар насихатталды. Іс-шарада ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған мазмұнды көріністер қойылды. Кештің көркін «Хантәңірі» халық театрының «Телғара» фильм-спектаклі аша түсті. Сахналық қойылым арқылы ұлттық болмыс пен дәстүр сабақтастығы әсерлі жеткізілді.