Алматы облысында 16 тамыз күні «Байсерке аспаны» авиациялық шоуы өтеді
Алматы облысында 16 тамыз күні «Байсерке аспаны» авиациялық шоуы өтеді. Бағдарламаны авиация генерал-майоры, Қазақстанның Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов ашады деп күтілуде. Іс-шараның басты ерекшелігі мен көрерменге дайындалған тосынсыйлар туралы баспасөз мәслихатында айтылды.
Биылғы авиашоу бұрынғыдан өзгерек. 15-тен аса ұшақ пен тікұшақ бұрын-соңды болмаған күрделі ұшу элементтерін көрсетпек. Ол үшін пилоттар бірнеше ай бойы арнайы дайындалған. Сондай-ақ парашютшілердің секіруі мен авиациялық техника көрмесі ұсынылады
АЭЛИТА ХАЛИЛОВА
АВИАШОУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
« ...Биыл біз ұшу бағдарламасын толық жаңарттық. Тәжірибелі ұшқыштарымыз бұған дейін көрсетілмеген күрделі пилотаж элементтерін орындайды. Көрермен үшін арнайы аймақтар, қосымша ойын-сауық орындары қарастырылған»
Іс-шараның өтуіне Алматы облысының әкімдігі, облыстық Туризм басқармасы және «Visit Alatau» орталығы қолдау көрсетіп отыр. Мақсат - өңірдегі оқиғалық туризмді дамыту және ішкі-сыртқы туристер ағынын көбейту.
ҚУАНЫШБЕК МЕЙРАМБЕКҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Былтыр 10 мыңнан аса адам келді, оның ішінде 14 мыңдай адам болды. Оның 22 пайызы шетелдік азаматтар. Биыл 20 мыңға дейін адам қабылдауға дайынбыз, 20 мың билеттер шығардық. Оны деген жаңағы веб сайттардан да алса болады, бөлек кассаларда кіре берісте қарастырылытаны болады"
Қазір Алматы облысы туристер саны бойынша елімізде үздік үштікте. Жыл басынан бері өткен «OCEANMAN», «Tengri Ultra» марафондары мен түрлі халықаралық фестивальдерге мыңдаған саяхатшыны келді. Өңірде жыл соңына дейін осындай 30-дан астам ауқымды іс-шара өткізілмек.