Өнертанушы Пернебек Момынұлы 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті
Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы Пернебек Момынұлы 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Бүкіл ғұмырын қазақ музыкасы мен өнерінің дамуына арнаған көрнекті тұлға, Ахмет Жұбановтан тәлім алған. Ол 1956 жылы Семей музыкалық училищесінің алғашқы директоры қызметіне тағайындалды. Пернебек Момынұлы музыкатанушы және зерттеуші ретінде танылып, бірнеше оқу-әдістемелік еңбек жазды. Олардың қатарында «Ән-музыка сабағының оқулығы», «Музыканы тыңдап, түсіне білу», «Музыка әлеміне саяхат» сынды еңбектер бар. Өнер иесінің артында мол ғылыми мұрасы, тәрбиелеген шәкірттері және ұлттық музыкаға деген адал қызметі қалды.