Талғар ауданында «Байсерке аспаны » авиациялық шоуы өтті

Талғар ауданында «Байсерке аспаны » авиациялық шоуы өтті. Ұшқыштар, парашютшілер және авиаторлардың кеңістіктегі өнерін тамашалауға бұл жолы 10 мыңнан астам адам жиналды. Игі шараны ұйымдастыруға еліміздің бас көлік прокуратурасы мен Алматы облыстық әкімдігі қолдау көрсетті.

Ұшу алаңында алдымен дельтапланшылар мен авиа -модельдеушілер өнер көрсетті. Белгілі ұшқыш және «Байсерке аспаны – 2026» авиациалық шоуын ұйымдастырушылардың бірі тікұшақепен көк байрақты  аспанда  желбіретті. 

ҚУАНЫШБЕК МЕЙРАМБЕКҰЛЫ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
« алдыңғы күні қарағанымызда 10 мыңнан астам билет сатылға, міне бүгін де сатылып жатыр. Жалпы біздің бұл авиашоуымыз 20 мыңға дейін халықты қабылдауға дайын. Оның 15-тен 18 пайызына дейін шетелдік туристер деуге боады»


Биыл қатарынан үшінші мәрте өтіп жатқан айтулы іс-шараға  ғарышкер, Халық Қаһарманы Айдын Аймбетов құрметті қонақ ретінде келді. Оның айуынша ұшқыштарды дәріптеп, нәсихатау жастарды отандық авиация саласына тартуға үлкен септігін тигізеді. 


АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ 
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ,ҒАРЫШКЕР 
 «Байсерке аспаны – 2026» іс-шарасының өтуі - еліміздің авиация мен ғарышты игеру ісін насихаттаудағы маңызы өте зор деп ойлаймын.  Осы шоу арқылы жастарымыздың авиация саласына деген қызығушылықтарын оятуға болады.Солардың арасынан білікті мамандар шығары анық»  



Бүгінгі «Байсерке аспанын» думанға бөлеген айтулы шарада бірінен бірі 16 түрлі авия шоу ұйымдастырылған. Оны тамашалауға келген көрерменнің делебесі қозып, сол ұшақ қанатында өздері отырғандай ғажайып ккөңіл күй кешуде.
 

РАМАЗАН РУСЛАНҰЛЫ
 КӨРЕРМЕН
«Мен осы авия шоуға үшінші рет келіп отырмын. Ұшқанлдары бізге өте қызық. Мен сол өзімді аспанда бірге ұшып жүргендей сезінемін»

БАЗАРБАЙ ЖӘЛЕЛОВ
КӨРЕРМЕН 
«Біздің қазақтың жастары да техникаға құмар бола берсін деймін. Бұл әсіресе балаларға қызық қой. Сол жастар мықты ұшқыштардың жолын қуса дейміз. Осындай шоулар көбейе берсін»


«Байсерке Аспаны» - Бұл Орталық Азия аумағында дәстүрлі түрде өткізілетін  жалғыз авиашоу.  Ұйымдастырушылар келесі жылы бұл шоуды халықаралық деңгейде өткізбек.

Сондай-ақ оқыңыз: