Қонаевта «Спорт геймс» облыстық спартакиадасы өтті

Қонаевта «Спорт геймс» облыстық спартакиадасы өтті. Ауқымды шараға өңірдегі спорт мекемелерінен 30 команда қатысты. Дәстүрлі түрде өтетін бәсекенің ерекшелігі – жарыстарды  ұйымдастырып,  төрелік ететін мамандар спорт алаңына шығып, жеңіс үшін бап сынасады.

Сайыс спорттың жеті түрінен өтті. Орталық жағажайда стритбол мен мас-рестлингтен бәсеке ұйымдастырылса, стадионда қатысушылар  арқан тартып, дойбы мен футбол ойнады. Бәсекенің әр кезеңі қатысушылардың төзімділігі мен ептілігін сынап, шеберлігін шыңдады.

ДУЛАТБЕК ҚҰСБЕКОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«...Алдағы уақытта енді қазір баскетбол жарыстары бар, волейбол жарыстары бар, жағажай волейболы бар, одан бөлек армрестлинг оң қол, сол қол... Сол жарыстардан кім ұпай көп жинайды, сол командалар жеңіске жететін болады»

Волейбол мен стритболда жылдамдық пен үйлесімділік шешуші рөл атқарса, мас-рестлинг пен армрестлингте техника мен төзімділік жеңісті айқындады. «Кез-келген бәсекеде ең алдымен  ұжымдық ауызбіршілік маңызды» дейді спортшылар.

САҒИ БАЙХАМЕТОВ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Әзірге барлық спорт түрлерінен өте жақсы нәтиже көрсетіп жатырмыз. СКЛ Мен мысалы осы спорт саласына келгеніме бір жыл ғана болды. Әзірге ұнап жатыр, ұйымдастыру жағы барлығы өте тамаша. Енді бұйырса тек қана чемпион болу, көңіл-күй өте тамаша, тек қана чемпиондық көңіл-күй деуге болады. Жігер, алға дегім келеді»

Жалпыкомандалық есепте  І орынды «Жігер» олимпиадалық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жеңіп алды. ІІ орын Кеген ауданының ұжымына бұйырса, үздік үштікті облыстық спорттық жекпе-жек түрлері бойынша мектеп өкілдері түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыз: