Талғар ауданында жас шахматшылар арасында халықаралық турнирі басталды

Талғар ауданындағы көрікті Маралсай төрінде жас шахматшылар арасында халықаралық турнирі  басталды. Биылғы бәсеке шахматтан 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлемнің тұңғыш чемпионы Флюра Хасанованың жүлдесіне арналды.  Додаға еліміздің әр өңірінен келген жас зияткерлермен қатар, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Латвия және ФИДЕ атынан қатысатын спортшылар бақ сынауда.  Бәсеке ФИДЕ талаптарына сай швейцариялық жүйемен ұйымдастырылып, қатысушылардың халықаралық рейтингі есепке алынады. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры – 3 миллион теңге. Жарыс 24 тамыз күні аяқталады.

ЕЛСҰЛТАН ҚАЛИАХМЕТ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
“Шахматпен 5 жастан бастап айналысамын, осы жарыста 6 жасқа дейін жарыста ойнағанмын. Бұл жарыс тауда өтіп жатқаннан кейін өте жақсы эмоциялар қалдырады және ауасы таза болағаннан кейін миың тазартылады, жақсы ойын көрсетуге мүмкіндік бар” 

СЕРІКГҮЛ АЙБЕКҚЫЗЫ 
ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ 
«Жылдан жылға балалардың шахматқа деген қызығушылығы, махаббаты өсуде СКЛ кешеден бері барлығы келіп жатыр бес мемлекетті қарсы алып алдық бүкіл Қазақстанның өңірлерінің барлығы қатысуда бүгін. Енді жақсы дода болады деп ойлаймын мықты жеңеді деген ойдамын» 

Сондай-ақ оқыңыз: