Райымбек ауданында ауыл спорты дәріптеліп, «Домбыра» этноауылы ашылды
Райымбек ауданының Көкбел ауылында «Ауыл спорты – аудан мерейі» атты мәдени-спорттық іс-шара өтті. Жиында ауданнан шыққан спорт саңлақтарының жетістіктері көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Домбыра» этноауыл ашылды.
Іс-шарада Райымбек ауданынан түлеп ұшқан спортшылардың жетістіктері насихатталды. Көрмеге аудан абыройын асқақтатқан спорт саңлақтарының жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды. Бұл – кейінгі буынға үлгі боларлық өнегелі тарих.
ЕРДОС БАУРЖАНҰЛЫ
ҚАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Жалпы ауылдың ауыл ақсақалдарының батасымен, ақыл-кеңестерімен, аналардың берекесімен, ауыл азаматтарының ұйымшылдығымен бас көтерді. Жалпы осы домбыра этноауылын ашып жатқан жаңағы басында жүрген Бекзат және Нұрлан бауырларымызға Нұрлан бауыр және оның жанына жүрген бауырларына үлкен рақмет»
Шара барысында спорт тақырыбы ұлттық құндылықтармен сабақтасты. Қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дәріптейтін «Домбыра ауылы» таныстырылды. Мұнда ұлттық сусын – қымызды насихаттауға ерекше мән берілген.
БЕКЗАТ ЕРҒАЛИҰЛЫ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
“Көшіп жатқан халықтың қайтадан ауылға қайтып көшіп кеп, қайтып ауылға орналасу мақсатымен, қаладағы жүрген жастарымызды ауылға шақыру үшін 1-ші оларға жұмыс ұсынатындай сол мақсатпен салынды. Ауылға жастарды тарту мақсатында бір шеті ауылдың ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін ғұрыптау мақсатында және де ауыл қыжалат болмау мақсатында салынып жатқан бір жобамыз...»
:«Домбыра ауылы» – ұлттық дәстүрді дәріптеу мен ауыл туризмін дамытуды ұштастырған жоба. Мұнда демалушылар табиғат аясында тынығып, қазақтың ұлттық сусыны – қымыздан дәм татады. Жобаның тағы бір ерекшелігі – жаңа жұмыс орындарын ашып, туған өлкенің туристік әлеуетін арттыру.