«Алатау арланы» турнирі Қарасайда өтеді: мықтылар «Қазақстан Барысына» жолдама үшін белдеседі

21 мамырда Қарасай ауданында қазақ күресінен «Алатау арланы» облыстық турнирі өтеді. Бұл жарыс шілде айында Астанада өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу ретінде ұйымдастырылуда.
Турнир Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде өтеді.
Жарыс бағдарламасы:
- Салтанатты ашылу: 12:00–12:30
- Басталуы: 12:30
- Іріктеу белдесулері: 12:30–15:00
- Финалдық белдесулер: 15:30–16:30
- Марапаттау рәсімі: 16:30–17:00
90 келіден жоғары салмақтағы, 18 жастан асқан 30-ға жуық балуан қатысады деп жоспарлануда. Олар облыстың 9 ауданынан, сондай-ақ Қонаев пен Алатау қалаларынан келген.
«Бұл турнир ұлттық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу және ең мықты балуандарды ел чемпионатына іріктеу мақсатында өткізіледі», – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушылар қатарында – «Алатау арланы – 2024» турнирінің жеңімпазы, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Еділбаев, сондай-ақ ҚР спорт шебері атағына ие 10 балуан бар.
Жеңімпазға «алтын белбеу» мен ақшалай сыйлық табысталады. Жүлдегерлерге медаль, кубок және ақшалай сертификаттар беріледі.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысы әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық спортты дамыту орталығы және қазақ күресінен «Бөрі» федерациясы.
Өтетін орны: Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі, 166
Байланыс: +7 702 410 9610 (Ұлан Рахымғалиев),
+7 702 272 3205 (Қапар Рауанов)