Кегенде ұлттық спорт түрлерінен облыс чемпионаты өтуде

Кегенде ұлттық спорт түрлерінен облыс чемпионаты өтуде

Алматы облысында ұлттық ойындар – асық ату мен бес асықтан ересектер арасындағы чемпионат басталды. Доданың ашылу салтанаты 22 мамыр күні Кеген ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді.

Чемпионатқа Қонаев пен Алатау қалаларынан, сондай-ақ облыс аудандарынан жиналған 21 жастан асқан 80-ге жуық спортшы қатысады. Жарыс жекелей және командалық есепте өтеді.

«Басты мақсат – ұлттық спорт түрлерін дамыту, ойыншылардың шеберлігін арттыру және 9–14 маусым аралығында Петропавл қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын облыс құрамасын іріктеу», – дейді ұйымдастырушылар.

Финалдық ойындар 24 мамырда өтеді. Сол күні жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

Чемпионатты Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық спортты дамыту орталығы және облыстық асық ату федерациясы ұйымдастыруда.

Өтетін орны: Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 19

Байланыс: +7 700 422 2646 (Еркін Рақымбаев)