Жамбыл ауданында асық атудан облыс біріншілігі аяқталды

Жамбыл ауданында асық атудан облыс біріншілігі аяқталды.. Дәстүрлі ұлттық спортты дәріптеген додаға 120-ға жуық спортшы қатысып, шеберліктерін сынға салды.  Сайысқа елімізде асық атудан рекорд орнатқан ойыншы қатысып, шеберілігімен бөлісті.

Додаға жеті ауданнан 12 команда қатысты. Жамбыл ауданынан «Алтын сақа» иегері атанған Жандос Жанат республикалық чемпионат рекордын жаңартып, 1 минут 10 секундта шеңберден 8 асық шығарған.

ЖАНДОС ЖАНАТ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«2025 жылы ұлттық мектеп лигасында бірінші орын иелендік. Асыққа өзімді алтыншы сыныпта әкем алып келген. Содан бері ойнап жүрмін. СКЛ. Осы Алматы облысының баласы Молдахан Марғұлан деген бала абсолютный чемпион болып келді. Асығымыз дамып жатыр. Азияға шығып жатыр.  Жетістікке жеткім келеді. Балаларды тәрбиелеп, асықты дамытқым келеді.»

Ал қыздардың ойыны - бес асық. Көзге жеңіл көрінгенімен қолдың ептілігі, шапшаңдық пен дәлдік болмаса ойыннан шығып қалу оп-оңай. Талғар ауданының мерейін көтеремін деп келген Жанел биыл да бар шеберлігін ортаға салды. 

ЖАНЕЛ ҒАБИТ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«Осы үш жылда үйренген нәрсем өте көп осы асық спортынан. Мысалы, мен өзіме сенімді болуды үйрендім бірінші орында. Екіншіден мақсат қоя білуді үйрендім. СКЛ. Мұнда адам мимен арпалысады. Қолмен ойнап отқанымен, адамның ішінде көпетеген қиындықтар болып жатады.»

НАЗЫМ БАЙЫРБАЕВ 
АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ 
«Ерекше жаңалық, бізде биыл чемпионаттарымыз үш кезеңнен тұрады деп айттым ғой жаңа, командалық, жекелей, одан кейін блиц. Үш турдан өтеді. Яғни бізде қазір өтіп жатқан 2010-2012 туылған жосөспірімдер арасындағы чемпионат облыс чемпионаты болып жатыр ғой бүгін. Енді осыдан іріктеліп шыққан балаларды біз 26-30 наурыз аралығында Абай олысы Семей қаласына апарамыз.» 

Тартысты бәсеке нәтижесінде Жандос пен Жанель  үздік шықты. Енді жеңімпаздар Абай облысында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Сайыс наурыз айының соңында өтеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: