Тұлға тойы

Дәстүрлі ән өнерінің белгілі өкілі, ағартушы, қоғам қайраткері Қапез Байғабылұлының туғанына биыл 130 жыл. Тарихи тұлғаның кіндік қаны тамған Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылында мерейтойға арналған тағылымды рухани шара өтті. Басқосуда дала перзентінің өнегелі өмір жолы мен рухани мұрасы дәріптелді. Мейрейтолық шара тарихи тұлғаның есімі берілген Тоғызбұлақ орта мектебінде басталып, Қапез Байғабылұлының өмірі мен шығармашылығын нәсихаттайтын арнайы сынып ашылды. Мұнда ағартушының жүріп өткен қилы өмір жолы, елге сіңірген еңбегі жайлы құнды деректер жинақталған. 

САҒАТБЕК МЕДЕУБЕКҰЛЫ
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ 
«Мерейтойдың бір үлкен маңыздылығы бүкіл қазақ үшін Қапез секілді бүкіл қазақ даласында қаншама тұлға бар. ашылмай жатқан. Соларды қайтадан тірілтуге қозғау салатын үлкен мерейтой деп ойлаймын. Бұл Қапездің өзіне ештеңе бермес. Бірақ елін сүйуге, ұлтын сүйуге, ұрпақ үшін еңбек етуге үгіттейтін маңызды шара деп білемін.

Қапез Байғабылұлы 1921 жылдан бастап ағарту саласында еңбек етіп, мектеп салып, бала оқытты. Сөйтіп елдегі сауатсыздықты жоюға үлес қосты. 1937 жылы  "Халық жауы" деген жалған айып тағылып, тұтқынға алынады. 1939 жылы Ресейдің Ухта қаласында атылып, қайтыс болды. Ол 1958 жылы ақталған. Ал, Мерейтой аясында облысы әкімдігінің қолдауымен кәсіби суретшілер мен спортшылар арасында  республикалық байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

ЕРКІН ҚАЙШЫБЕК
ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Мен өз ойыма жеттім. Өйткені суретті салған кезде Қапездің ең бірінші планда тұрғаны таудан да жерден де биік тұрғаны салынды. Сосын қолына ұстап тұрған домбырасы ол  кісінің кім екенін көрсетіп тұр. Екінші қолында портфелі бар ол кісінің іскер адам екенін, кезінде мектеп салды ғой соны көрсетіп тұр»

Мерекелік шарада алаш рухты ағартушы, Қапез Байғабылұлының елге кең тараған «Үш меркі» «Елмен қоштасу» сынды тағдырлы әндері орындалды. Сөйтіп аспантаулық ағайын тағылмды кештің кәусі болып тарасты.

Сондай-ақ оқыңыз: