«Ең үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» облыстық конкурсы өтті

Қонаев қаласында «Ең үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» облыстық конкурсы өтті. Байқауда білім беру мекемелері соңғы үш жылдағы жетістіктерін паш етті.Алғашқы кезеңде әр оқу орны өз қызметін қысқа бейнеролик арқылы таныстырды. Онда білім сапасы, жүзеге асырылған жаңа жобалар, ұстаздардың кәсіби әлеуеті және студенттерге жасалған мүмкіндіктер назарға алынды.Ал екінші кезеңде колледж басшылары білім беру саласындағы жаңа идеялары мен алдағы жоспарларын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтижелерімен ерекшеленген оқу орындары бес арнайы номинациямен марапатталды.

БАҚЫТ ХАЛЫҚОВА
ТАЛҒАР ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Біздің колледжіміздің бағыты бүгінгі таңда 6 мамандық. Алтыншы мамандығымыз осы биылғы оқу жылынан бастап ашып отырмыз. Лифт шаруашылығы және эскалатор мамандығы. Бүгінгі біздің конкурсымызға алғаш қатысып отырған жоқпыз. Біз 20 жылы үшінші орын иегері болдық. 25 жылы екінші орын иегері болдық. Биыл енді міне тағы да қатысып отырмыз»

Сондай-ақ оқыңыз: