Жауынгерлер жаттығуы
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері дене дайындығы мен жауынгерлік шеберліктерін шыңдады. Оған еліміздің 7 өңірінен 70 әскери қызметші қатысуда. Үш күнге жоспарланған жарыс барысында әскери қызметшілер күш-қуат, төзімділік, шапшаңдық және дәлдік бойынша өзара сынға түспек. Алғашқы күні қатысушылар кросс-фит пен қашықтыққа жүгірді. Содан кейін кедергілер жолағынан өтіп, граната лақтыру бойынша нормативтер орындайды. Ал үшінші күні қару-жарақтан практикалық оқ атып, мергендік көрсетпек. Әр кезеңде жинаған ұпайлар қосылып, қорытынды бойынша командалық есепте үздік бөлімшелер анықталады.
СӘТЖАН ӘБІШЕВ
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
«Бұл жарыс жыл сайын өтеді. Не десеңіздер Ұлттық ұланның осы жарысы 24-ші спартакиадасына еніп жатыр. Жыл сайын осындай іріктеу жарыс өткізіп, оқу жаттығуларын өткізіп, алдағы уақытта қарулы күштерінің жарыстарына қатысатын боламыз.»
АРАЙЛЫМ НОҒАЙЕВА
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Осы жылы мен қыздар сайысында екінші орынға ие болдым. Былтыр негізі бірінші орын алдым. Әрине бұл мен үшін өте үлкен жетістік. Өйткені жастармен бірге жүгіру, жастардың деңгейінде болу мен үшін үлкен құрмет.»