«Олжастануға кіріспе»

Алматыда белгілі ақын, түрколог әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің шығармашылық  мұрасына арналған «Олжастануға кіріспе» атты жаңа оқулық-хрестоматия таныстырылды. Студенттерге арналған оқулықта автордың Орталық Азияның зияткерлік тарихын айқындаған әдеби-публицистикалық әрі ғылыми мәліметтері жинақталды. Әсіресе таңбалар мен сөздер археологиясы бойынша өзіндік концепциясы және мәдениеттердің өзара тәуелділік философиясы жан-жақты талданған. Жаңа басылым Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ақынның 90 жылдық мерейтойына орай жарық көріп отыр. Болашақта мектептер мен колледждердің де оқу бағдарламасына енгізілуі мүмкін.

САЛТАНАТ ӘШІМОВА
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕРДІ ЖАҚЫНДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Ол кісінің тек қазақ халқына емес дүние жүзіне сіңірген еңбегі зор. Ол кісі тек Семей полигонын жаптыруға ғана еңбек еткен жоқ дүние жүзіндегі бес полигонды жабуға үлес қосты деп айтамыз. Сол үшін де ол кісінің еңбегін дүние жүзі мойындайды, бағалайды. Ол кісінің осындай ұмытылып бара жатқан еңбегін жас ұрпаққа дәріптеу үшін де бүгінгі конференцияны арнап отырмыз.»

ДУМАН ЖЕКЕНОВ
ҚР ҰҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Егер Орталық Азия бір тұтас болсын, осы Қытай мен Ресей арасында монолитті аймақ болсын және халықаралық аренада объекті емес субъекті болып өз ойын жүргіземін десе, онда бірін бірі қабылдау мәселесінде біз Өзбектің, Қырғыздың, Тәжіктің, Түркіменнің жеткен жетістіктеріне шын қуана алатын жағдайға жетуіміз керек. Тақырып осы туралы.»

Сондай-ақ оқыңыз: