«Қорлан» драмасы

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының 11 маусымы ашылды. Көрерменімен қайта қауышқан өнер ұжымы Естай мен Қорланның махаббат хикаясына арналған «QORLAN» тарихи-драмалық қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Спектакльдегі қос ғашықтың бейнесі қалай ашылды, жаңа маусымда өнер сүйер қауымды театр ұжымы қандай репертуармен қуантпақ? Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

«QORLAN» ғасырдан астам уақыт бойы халық жадында сақталған қос ғашықтың тағдыры жайлы көркем шығарма. Талай өнер сахнасында сомдалған туынды бұл жолы Алатау театрының репертуарына қосылды. Бірақ тұсаукесер өзгеше,  дәстүрлі драма, көркем музыка, кәсіби актерлік шеберлікпен қатар заманауи өңдеумен жаңаша өрілді дейді жас режиссер.

АРУХАН ЗАХАНОВА
РЕЖИССЕР 
«Бұл қойылымның ерекшелігі енді қыз ретінде маған Қорланның муза ретінде ғана емес тұлға ретіндегі тарихын зерттеу қызық болды. Бұл қойылымда Құсни мен Қорланның тағдыры жалпы патриархалды қоғамдағы қыздың алатын орны туралы. Бұл жерде Естайдың музасына айналатындай қандай қыз болды екен деген сұраққа біз жауап іздедік.»

ІЛИЯС ШҮКІМАН
«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ
«Көбіне бұл спектакльде Естай емес Қорлан ашылады. Басқа театрларды «Естай мен Қорлан» деген де спектакль болды. Бірақ мұнда Қорланның Естаймен жолыққаннан кейінгі үй ішінің қабылдауы, яғни Қорлан атастырылып қойғаннан кейін қазақы салт-дәстүрдегі дәстүрден аттап кетпеулік, үйіндегі аға-жеңгесінің, әжесінің көзқарасы жайлы.

Қосыла алмаған қос ғашықтың тағдыры уақыт өте келе халық арасында аңызға айналып, Естайдың әні арқылы бүгінге жетті. Тарихтан сыр шертетін қойылымда ұлы махаббат хикаясымен қатар, кейіпкерлердің тағдыры, отбасылық қарым-қатынасы мен сол дәуірдің әлеуметтік шындығы қатар көрсетілді. 

НӘСІПЖАН БАСШЫБАЙ 
«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  
«Жамбыл Жабаев атамыздың 180 жылдығына бізде бұрын «Жыр жолбарысы» қойылымы болған. Сол қойылымды қайта жаңғыртып, 70 пайызға дейін өзгеріс енгізіп, Жамбыл атамыздың жырларымен осы спектакль болады. Сонымен қатар «Абайды күте күте» қойылымы.» 

Жаңа маусымды көрермен жылы қарсы алды, зал әдеттегідей лық толы, қолдау мен қошеметте ерекше. 10 жылдық тарихы бар ұжымның дайындаған арнайы репертуары бұл жолы да әдеттегідей. Өнерпаздар жыл бойы өз көрерменін музыкалық комедия, драма, хор концерт пен ұлттық рухқа толы ерекше туындыларымен қуантпақ.

Сондай-ақ оқыңыз: