Үздіктер анықталды
Қонаевта аралас жекпе-жектен Алматы облысының чемпионаты өтті. Бәсекеге облыстағы 21 клубтан 310 спортшы қатысты. Олардың арасында 12 жастан асқан ұл-қыздар бар. Жас спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай төрт санатқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Әр салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен спортшылар енді қазан айында өтетін Қазақстан Республикасының біріншілігіне барады.
ТАЛҒАТ ИБРАГИМОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ММА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«ММА – елімізде қарқынды дамып келе жатқан жаңа спорт түрлерінің бірі. Бұл спорт Азия ойындарының бағдарламасына енді. Екі күн бұрын Жапониядан оралдым. Онда біздің спортшыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті. Басты мақсатымыз – өңірде ММА спортын одан әрі дамыту және мықты спортшыларды дайындау. Қазір дайындық жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. Себебі спортшылар үшін төрт жылдық олимпиадалық цикл қалыптасты. Оның аясында жасөспірімдер және ересектер арасындағы Азия ойындары бар.»