Қарияларға құрмет

Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Осыған орай Нарынқолда мерекелік шара өтті. Кеш барысында ақ жаулықты әжелер мен ел ағаларына құрмет көрсетіліп, арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шарада аға буын өкілдері өмірлік естеліктерімен бөлісіп, жастарға ақ батасын берді. Бүгінде аудан қариялары қоғамдық өмірге белсенді араласып, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп келеді.

НҰРЖАН ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
“Мен жастарға сенемін”- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай жастардың қарттарға деген құрметіне көңілім толады, үлкенге құрмет кішіге ізет,- дегендей жаңағы қарттарға жастардың үлкенге қамқорлық, құрмет көрсеткенін қалар едім. Бүгінгі мейраммен құттықтаймын, қарттардың жастары ұзақ болсын!”

Сондай-ақ Ұйғыр ауданында ардагерлерге арналған мерекелік шара өтті. Жиында аудан әкімі Талғат Ескендірұлы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, олардың елдің дамуына қосқан еңбегін атады. Ақ дастархан жайылып, қариялар емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.

ЕРБОЛ НҰРСЕЙІТОВ
ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Барлық ауылдық округтерден ардагерлеріміз келіп қатысты. Үлкен әңгіме болды. Қариялар – елдің қазынасы. Бүгінде де қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Барша отбасыларына амандық, елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілейміз. Болашағымыз әрдайым жарқын болсын!»

Сондай-ақ оқыңыз: