Татулық сахнасы
Іле ауданында алғаш рет этномәдени бірлестіктердің басын қосқан «Бірлікке үн қосқан» облыстық фестивалі өтті. Ауқымды шара Байкент ауылында ұйымдастырылды. Іріктеуден өткен 14 қатысушы ұлттық мәдениет пен шығармашылық арқылы татулықты нығайтуға үлес қосты. Шара барысында әр этностың салт-дәстүрі де көрсетілді. Алматы облысында жүзден астам этнос өкілі бар. Ауылдық мәдениет үйінің сахнасы әуезді ән мен мың бұралған биге бөленді. Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары өзара бақ сынап, көрерменге ұлттық өнердің сан қырын танытты.
АНАСТАСИЯ МЕЛЬНИК
АЛАТАУ ҚАЛАСЫ СЛАВЯН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Бұл байқауға шақырту алғанымызға қуаныштымыз. Өнерімізді көпшілікке танытып, шығармашылығымызды көрсетуге жақсы мүмкіндік туды. Репертуарымыз сан алуан. Әр тілде ән шырқаймыз: славян халықтарының әндерімен қатар қазақ, орыс, итальян және өзге де тілдердегі шығармалар бар.»
Байқау бес жүлде санатынан тұрды. Ән мен күйден бөлек, мемлекеттік тіл - қазақ тілінде орындалған шығармалар аталымы да болды.
ЖАНСҰЛУ БАШАНОВА
«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Үздік шығармашылық ұжым номинациясы, үздік орындаушы. Үздік орындаушыда әр этномәдени бірлестік өкілі өзінің тілінде орындайды. Сонымен қатар үздік қазақ тілінде орындау номинациясы және үздік аспапта орындау, үздік хор ұжымы.»
Жеңімпаздар Республика күні қарсаңында Астана қаласында өтетін ауқымды фестивальге жолдама алады.