Ұрпақтар үндестігі

Қонаевта Халықаралық қарттар күніне орайластырылған «Үш ұрпақ – ортақ мақсат» республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Іс-шараны «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалы ұйымдастырды. Қатысушылар тоғызқұмалақ ойнап, асық атып, шығармашылық сайыстарға қатысты. Сондай-ақ, аға буын өкілдері үшін цифрлық сервистерді пайдалану және интернеттегі қауіпсіздік шаралары көрсетілді. Фестивальдің мақсаты – әртүрлі жастағы адамдардың басын қосып, өзара қарым-қатынас орнату.

АЙТМҰХАНБЕТ БАЙНАЗАРОВ
АРДАГЕР ҰСТАЗ
“Барлықтарына, жастарға,қыз-жігіттерге рахмет айтамын. Еңбектері жана берсін. Қазақстанымыз жайнай берсін. Бақытты болыңдар.“Әділет жастары жасай беріңдер, біздің жасымызға жетіңдер. Зейнетке шығыңдар, соны тілеймін.”

Сондай-ақ оқыңыз: