Жастар додасы

Қарасай ауданында дәстүрлі «Aуыл спорт-2026» облыстық турнирі өтті. Жарысқа 15 мыңға жуық жасөспірім қатысты. Олар спорттың сегіз түрінен бақ сынады. Атап айтқанда, бокс, еркін күрес, баскетбол, волейбол, шахмат, каратэ, үстел теннисі және футзал бойынша өзара мықтыны анықтады. Турнир “Халық” қайырымдылық қорының жобасы ауылдық жерлердегі бұқаралық спортты дамытуды көздейді. Бүгінде облыста 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 25 мыңнан астам жас спортшы жаттығады. Сонымен қатар «ArtSport» бағдарламасы аясында 10 мыңнан астам бала спорттық үйірмелерге тегін қатысып жүр.

ЕРБОЛ ҚҰЛЖАБАЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Алматы облысының ауылдан шыққан спортшылары үлкен дәрежеде өнер көрсетіп, республикалық деңгейде тіпті халқаралық деңгейде жақсы өнер көрсетіп келе жатыр. Олар волейболдан, каратеден үздік нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша облыс спортшылары алдағы республикалық кезеңдерде үлкен нәтиже көрсетеді деп сенеміз.»

Сондай-ақ оқыңыз: