Мәдениет үздіктері марапатталды
Қонаевта мәдениет пен өнер саласының үздіктері марапатталды. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен өңір әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, сала мамандарын құттықтады. Марапат иелері қатарында Сүйінбай атындағы филармония, «Адырна» фольклорлық ансамблі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі қызметкерлері, сондай-ақ аудандық мәдениет саласының мамандары мен журналистер бар. Оларға Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Бұл марапат мәдениет саласында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегіне берілген баға.
БЕКЗАТ АҒИЯР
«АЛТЫНАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ХАЛЫҚ БИІ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
«Біздің облысымыздың мәдениетінде үлкен өзгерістер бар. Соның ішінде осы мәдениеттің, оның ішіндегі өнер адамдарына деген құрмет жасау, біздің ұлттық құндылықтарымыздың өзге ұлттарға, өзге елдерге халықаралық деңгейде танылуына облысымыздың әкімдігі болсын, осы мәдениет қызмет басшылық саласы болсын, бізге мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келе жатыр.»