Жамбыл мұрасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл және қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, Мемлекет басшысының құттықтау сәлемін жеткізді. Алқалы басқосуда Жамбыл шығармашылығының тарихи-мәдени маңызы мен айтыс өнеріндегі шеберлігі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ жырау туындыларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері айтылды. Жиында «Жамбылтану» атты бес томдық іргелі басылымның тұсауы кесілді. Оның бір томын қырғыз зерттеушілері әзірледі.

МЕЙІРІМ КӨЛБАЕВА
Ш.АЙТМАТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ (ҚЫРҒЫЗСТАН)
«Жамбыл Жабаев екі халық арасындағы мәдени алмасуда маңызды рөл атқарды: ол қазақ жұртшылығын қырғыз фольклорымен және қырғыз ақындарының шығармашылығымен таныстырса, қырғыз тыңдармандарын қазақ поэзиясы мен мәдениетінен хабардар етті. соның негізінде қырғыз оқымыстыларының жинақталған бір томының тұсауы кесіліп отыр.»

БАУЫРЖАН ЖАҚЫП
АҚЫН
«Жамбыл бабамыз былай ойлап қарасақ бүкіл әлемге қазақтың атын таныстырған тұңғыш тұлға деп айтуға болады. Сондықтан Жамбыл бабаның алдында баршамыз қарыздармыз. Оның тойы ертең туған жері Көкбастауда жалғасады. Ат шауып бәйге беріледі. Бұл енді қазақтың ұлттық салт дәстүрінің ерекше бір көрінісі.»

Сондай-ақ оқыңыз: