Ардагерлер жарысы

Қарасай ауданында ардагер спортшылар арасында ашық облыстық біріншілік өтті. Спартакиада Халықаралық қарттар күні аясында ұйымдастырылып, 250-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және қол күресінен жарысты. Нұрлан Тіленшінов 57 жаста болса да, ширақ. Ол Талғар ауданы атынан қатысып отыр.

НҰРЛАН ТІЛЕНШІНОВ 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«Керемет, күшті өтіп жатыр. Бәрі бір біріне тартымды. Ешкім осал емес. Бәрі мықты. Атмосферасы керемет. Жоғары деңгейде.  Бәріміз осы алаңға шыққанда жастық шағымызды еске алып, ешкім бір бірінен жеңілгісі келмейді.»

Қырық жастан асқан әйелдер мен елу жастан асқан ерлер шахмат тақтасында ой ұтқырлығын сынады. Ал үстел теннисінде отыз бес жастан асқан әйелдер мен қырық бес жастан асқан ерлер шапшаңдық пен дәлдіктен сынға түсті. Қатысушылар үшін бастысы - жас емес, спортқа деген жігер.

ҚАЙРАТ БІРІМЖАНОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ 
«2023 жылы ашқанбыз бұл спорт ардагерлер қоғамын. Жұмыс өте дұрыс жолға қойылған. Ардагерлердің белсендігі артып, бір де бір ардагеріміз ұмытылмай бұл жұмысты біз дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз. Алыс аудандарды да қамтып отырамыз. Нарынқол, Ұйғыр ауданын, Балқаш ауданы деген сияқты.» 

Футбол мен үстел теннисінен Талғар ауданы бірінші орынды иеленсе, волейболдан Қарасай ауданы алдыңғы шепте тұрды. Қол күресінен әйелдер арасында Қарасай ауданы, ал ерлер арасында Кеген ауданы жеңісті бермеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз: