Қолжазбатанушылар қауымдастығының кезекті отырысы өтті

Биыл көрнекті ағартушы, шығыстанушы Құрбанғали Халидұлының туғанына180 жыл. Осыған орай Ұлттық кітапханада Қазақстан Қолжазба танушылар қауымдастығының кезекті отырыс өтті. Мұнда қолжазба мұрасы және сандық технологиялар тақыры кеңінен талқыланды. Әрі Құрбанғали Халидұлының қолжазба мұрасын сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу жұмыстарының маңызы айтылды. Сонымен қатар, тарихшының «Шығыстың бес елінің тарихы» атты еңбегі мен «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» кітабының тұсауы кесілді. Қазақ тілінде жеке кітап болып жарық көрген ғылыми жинақта ғасырлар бұрын жазылған зерттеулерге мәтіндік түсініктемелер мен ғылыми анықтамалар берілген. 

ДАНАГҮЛ МАХАТ
«ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Жалпы кітаптың саны жетеу. Бесеуі Құрбанғали Халидтің «Тауарих-и хамса-и шарқи» еңбегіне арналған. Таза ғылыми кадрларға арналған. Және сол кітаптың мына жастарға, оқушыларға арналған қазақша нұсқасы. Бұл кітап 600 беттен асады. «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» кітабы онда ол кісі туралы кім жазды, сол еңбектерді ғылыми сараптамадан өткізіп, сол бір кітапқа жинақтадық.»

САФАРИЯ ТЕҢІЗБАЕВА 
ҚҰРБАНҒАЛИ ХАЛИДҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ
«Бұл негізінен ғалымдарға арналған. Сондықтан көпшілікке арнап әдейі қазақ тіліндегі мәтінін бөлек шығардық. Кітапты ашып қарасаңыз төрт қатардан тұрады. Соның біріншісі сол өзінің 21 жыл жазған қолжазбасы. Одан кейін 1910 жылы шыққан кітабының беті. Одан кейін біздің ғалымдардың транскрипциясы, содан кейін қазақша мәтіні. Осы қазақшасын көпшілікке арнап әдейі бөлек шығарып отырмыз.»

Сондай-ақ оқыңыз: