Ғалымдарға құрмет

Түркі жұртының ғалымдары Алматыда бас қосты. Тұран университетінде III Халықаралық түркі әлемі ғылым сыйлықтарын табыстау рәсімі өтіп, 16 ғалым марапатталды. Биылғы шара «Өткенге құрмет, болашаққа шабыт» ұранымен ұйымдастырылды.Оған түркі әлемінің түрлі елдерінен келген ғалымдар, академиялық қауымдастық өкілдері мен ғылыми ұйымдардың мамандары қатысты. Шараны Түркі әлемі Йөрүк-түрікмен бірлестігі ұйымдастырды. Мақсат - түркі халықтарының ғылымдағы жетістіктерін дәріптеп, көрнекті ғалымдардың еңбегін бағалау және елдер арасындағы ғылыми байланысты нығайту. Бағдарлама аясында математикадан бастап, инженерия, медицина, әлеуметтік ғылымдар, түркология, тіл мен әдебиет секілді16 бағыт бойынша ғылыми еңбек еткен ғалымдар марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сыйлық алда түркі әлеміндегі беделді ғылыми марапаттың біріне айналуы тиіс. Тіпті оның халықаралық деңгейдегі ғылыми бренд ретінде қалыптасып, «Түркі әлемінің Нобелі» атауын иелену көзделіп отыр.

РАХМАН АЛШАНОВ 
ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ 
 «Енді қазір Түркі әлемінде қарасаңыздар әртүрлі бағдарлама, жасанды интеллектке көңіл бөліп жатыр. Биотехнология бар. Қазір Қытай, Түркияны қарасаңыздар космосқа ұмтылып жатыр. Ядролық энергетиканы дамытып жатыр. Дүниежүзіне қандай ғылым керек, соның бәріне сұраныс бар деп ойлаймын. Соған көңіл бөліп жатыр. Қаражат бөліп жатыр.балалардың өздері қазір иекмі бұрынғыдай бір жақты емес, осы салаларды таңдауда.»

ИРФАН ТАТЛЫОҒЛУ
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЙӨРҮК-ТҮРІКМЕН» БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Қазір білім мен ғылымның заманы. Алдағы уақытта  түркі әлемінің жүз жылдығын біз бастасақ дейміз. Басты мақсатымыз ғылымдағы зиялыларды насихаттай отырып, бейбітшілікті дәріптеу. Өйткені егер саясат пен экономикадағы ғалымдарымыз күшейсе онда әлемде әділет орнайды. Балалар мен әйелдер өлімі болмайды. Бөтеннің жеріне ешкім бас сұқпайды. Соғыс болмайды. Ең бастысы әлемде бейбітшілік орнайды.»

Сондай-ақ оқыңыз: