Третьяков галереясы

XX ғасырдағы орыс өнер көрмесі жұрт назарына ұсынылды. Игі шара Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтті. Видео: Көрме тақырыбы; «Дәуір мұрасы. Третьяков галереясының қорындағы XX ғасыр өнері» деп аталады. Мұнда Қазақстан мен Ресей сынды көрші екі елдің мәдени жауһарлары бірге жинақталған. Еске салсақ 2025 жылы Қазақ өнерінің үздіктерін паш еткен ауқымды көрме Мәскеуде өткен еді. Енді міне Третьяков галереясы өз қорындағы таңдаулы туындылардан Алматыға әкеліп жұрт назарына ұсынып отыр. Бұл шара қатысушыларды XX ғасырдағы орыс өнерінің тарихымен таныстырады. Әрі сол кезеңдегі алыптар, шығармашылығын бір арнаға тоғыстырған. 

ТАТЬЯНА ЮДЕНКОВА
ТРЕТЬЯКОВ ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Бұл – Третьяков галереясы мен Қазақстан Республикасы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі арасындағы мәдени байланыстардың дамуындағы маңызды оқиға. Бір жыл бұрын Қастеев музейінің 90 жылдығына орай Третьяков галереясында «Қазақ өнерінің жауһарлары» атты ауқымды көрме өткен болатын. Ал биыл – Третьяков галереясының құрылғанына 170 жыл толуына орай – біз бұл  көрмені сіздердің музейлеріңізде өткізіп отырмыз.

Сондай-ақ оқыңыз: