Қонаевта 100-ден астам тұрғын тегін киносеансқа қатысты

Қонаевта 100-ден астам тұрғын тегін киносеансқа қатысты
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласының 55 жылдық мерейтойына орай қала әкімдігі мен «Шағала» кинотеатры бірлесіп тегін кино көрсетілімдерін ұйымдастырды.

Кинокөрсетілімдер үш күн қатарынан өтеді. Алғашқы күні кинотеатрға көпбалалы отбасылар шақырылды. Жалпы саны 100-ден астам адам келіп, кинофильмді бірге тамашалады.

— Мерекелік шараларды қолдау мақсатында кәсіпкерлерге ұсыныс білдірдік. Олар бірден келісе кетті. Тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға атсалысты. Осылайша бірлесіп тегін кинопоказ ұйымдастырдық. Қолдау білдірген кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз. Гала-концерт барысында түрлі байқаулар мен сыйлықтар ұтысы да жоспарланған, — деді қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков.