Қарасай ауданында қазақ күресінен «Алатау арланы» облыстық турнирі өтті.

Қарасай ауданында қазақ күресінен «Алатау арланы» облыстық турнирі өтті.

2025 жылғы 21 мамырда Қарасай ауданындағы заманауи «Үшқоңыр» спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Алматы облысының іріктеу жарысы — «Алатау арланы» турнирі өтті.
Аталған жарысқа облыстың барлық аудандарынан іріктелген 32 балуан қатысып, бозкілемде өзара мықтыны анықтады. Спортшылар ұлттық күрес өнерінің үздік дәстүрлерін паш етіп, шеберліктері мен күш-жігерлерін сынады.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды: 🥇 Сәкенұлы Жігер – Іле ауданы 🥈 Жұмахметов Әлімжан – Балқаш ауданы 🥉 Жолтаев Нұрғали – Еңбекшіқазақ ауданы
Жеңімпаз бен жүлдегерлер медаль, грамота, арнайы белбеу және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Бұл жарыс — облысымыздағы қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды дода. «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алу жолындағы бұл іріктеу бәсекесі жас балуандарға үлкен мүмкіндік және ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыратын игі бастама болып табылады.