Қарасай ауданының «Nur-Aman» спорт кешенінде Алматы облысының классикалық шахматтан чемпионаты өз жалауын көтерді
Биылғы жылы турнирге облыстың барлық өңірлерінен келген 11 команда, 150-ден астам жас шахматшы қатысуда. Бұл – өңірдеинтеллектуалды спорт түріне деген қызығушылықтың артып кележатқанын және балалардың дайындық деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді, – деп атап өтілді жарыстың салтанатты ашылуында.
– Шахмат – балалардың логикасын, есте сақтау қабілетін және стратегиялық ойлауын дамытудың ең тиімді құралдарының бірі. Жыл сайын бұл спорт түріне деген қызығушылық артып келеді. Біздің мақсат– жас таланттарға жағдай жасап, олардың облыс намысын республикалық және халықаралық деңгейде қорғауына мүмкіндік беру, – деді шахмат және үстел ойындары бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мерей Айбеков.
Чемпионат бес жас санаты бойынша өтуде:
• 8 жасқа дейін — 2018 ж.т. және кіші;
• 10 жасқа дейін — 2016–2017 ж.т.;
• 12 жасқа дейін — 2014–2015 ж.т.;
• 14 жасқа дейін — 2012–2013 ж.т.;
• 18 жасқа дейін — 2010–2011 ж.т.
Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді. Ережеге сай, ойынуақытының классикалық бақылауы қолданылады – әр ойыншыға 30 минут + әр жүріске 30 секунд беріледі. Бұл спортшыларға өздерінің стратегиялық ойлау қабілеті мен есептеу тереңдігін, сабырлылығы мен төзімділігін көрсетуге мүмкіндік береді.
– Биыл қатысушылардың құрамы өте мықты. Алда бізді қызықты да шиеленісті 9 тур күтіп тұр. Регламент қатаң, уақыт бақылауы классикалық – бұл жас шахматшылар үшін нағыз сынақ. Біз әдемі партиялар, батыл комбинациялар және Алматы облысы шахматыныңжаңа есімдерін көреміз деп сенемін, – деді жарыстың бас төрешісі, Қазақстан шахмат федерациясының Алматы облыстық филиалының президенті Сәрсенғали Жанқұатов.
Чемпионаттың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында шахматты кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және республикалық жарыстарға қатысатын үздік спортшыларды анықтау.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 25 қазан күні белгілі болады.