Тігін ісі – табыс көзі
РАЙГҮЛ ӘБДІУАЛИҚЫЗЫ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
- 25 1-і айында “Ауыл Аманаты” 2.5% кредитін алдым. Ол жерде алғанымда мен станоктерді әкелдім, көрпе тігетін, жүн шығаратын, тігін тігетін, түзу тігіс түсіретін машинкаларды алып кеп бастадым. Бастағаныма 1 жыл болды, жаман емес жақсы. Ары қарайда болар, күнделікті заказдарым бар.
Нарынқол ауылында кәсіп бастауға ниетті жандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау өз нәтижесін беріп келеді. Соның айқын мысалы – Райгүл Әбдіуалиқызы. Ол Ауыл аманаты жобасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, тігін кәсібін қолға алған. Кәсіпкердің бұл іске келуі кездейсоқ емес. Ұзақ жылдар бойы қолөнерге қызығып, отбасылық қажеттілік үшін көрпе-төсек тігуден бастаған ол біртіндеп кәсібін табыс көзіне айналдыра білді. Алғашында тек жақындары мен таныстары тапсырыс берсе, уақыт өте келе сапалы әрі ұқыпты жұмысы ауыл ішінде кеңінен таралып, сұраныс арта түскен.
ГҮЛНАР АСАНБЕКОВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Мен мына Райгүлден осы көрпелерді ылғи заказ беріп аламын. Өздері түтеді, өздерінің заманауи машинкасы бар сонымен тігеді. Міне көрпелердің бәрі ыңғайлы, әйбат. Біреуге берсеңіздерде ыңғайлы. Мен мына көрпелерді міне өзім алғалы тұрмын.
Райгүл Әбдіуалиқызы шағын цех үйінде орналасқан. Әрбір бұйым жеке тапсырысқа сай дайындалады. Кәсіпкер көрпе-төсек, қыз жасауы, тойбастар, сондай-ақ ұлттық және заманауи үлгідегі түрлі киім тігеді. Әсіресе, қыз жасауына сұраныс көп.
РАЙГҮЛ ӘБДІУАЛИҚЫЗЫ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Мына жерде мен енді ары қарайда дамытап деген ойдамын. Үлкен орын ашсам, қазақша нақыштағы үлгілі көрпелерді шығарсам, ең бастысы халықтың сенімділігімен ризашылығы ғой.
Өнім сапалы болу үшін табиғи шикізат қолданылады. Жүнді сырттан дайын күйінде алмай, өздері түтіп, өңдейді. Бұл тауардың экологиялық тазалығы мен төзімді болуының кепелі. Сонымен қатар, заманауи құрылғылар да кеңінен қолданылады.
Мына сіздер көріп отырған кереметті Райгүл Әбдіуалиқызы өзі тіккен. Бастысы – ниет пен мүмкіндік тоғысқанда, нәтиже де нақты болады. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланған кәсіпкер бүгінде өз кәсібін дамытып, еңбектің берекесін көріп отыр. Бұл – ауылдағы кәсіпкерліктің қарқыны артып келе жатқанының айқын көрінісі.