Әлеуметтік-экономикалық даму сараланды
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстың бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылады. Жиында өңір экономикасы оң өсім көрсеткені айтылды. ( Видео) Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115%-ға жетіп, республикада 4-орынға шықты. Инвестиция көлемі 36%-ға артты, тұрғын үй құрылысы мен сауда саласында өсім бар. Сонымен қатар, кейбір аудандарда кәсіпкерлік белсенділігі төмен екені атап өтіліп, мемлекеттік қолдауды ауылдық жерлерде күшейту тапсырылды. Әлеуметтік салада мектептер мен медициналық нысандар құрылысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары қаралды .Әкім жалпы даму қарқынына оң баға бергенімен, атқарушылық тәртіптің әлсіздігін сынға алды. Тапсырмалардың шамамен 60%-ы әлі орындалмаған. Әсіресе, Еңбекшіқазақ , Қарасай және Талғар ауданы бойынша кемшіліктер анықталған. Нәтижесінде бірқатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ. Жүктелген міндеттердің орындалуы маусым айындағы есептік кездесуде қайта қаралады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығын дамытуды баста назарды ұстауды тапсырды.
ДИМАШ СЫДЫҚОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Жетісу агро» компаниясы тұқымның бәрін зерделеп берді. Бұл күні жаңағы біздің 98-99 пайыз тұқымның шіріктігін, 95 пайыз жаңағы сапасын анықтап берді. 16-18 пайызы ылғалдыққа жарамды. Сол бағытта тұқымдардың 43 000 тоннасы дәрілі екен.