Экономикалық даму бар

Ғылымның озық жетістіктері өңір экономикасының барлық саласында сәтті қолданылып келеді. Әсіресе, селекцияның жаңа әдістері мен су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ өнеркәсіп пен өндірісті автоматтандыру жұмыстары қарқын алған. Осы оң өзгерістермен танысу мақсатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды. Бірқатар өндіріс орындарының жұмысын көріп, жергілікті тұрғындармен кездесті.


Іргетасы 2009 жылы қаланған «ПластИнвест» зауыты бүгінде аймақ экономикасына елеулі үлес қосып отыр. Кәсіпорын 80-нен астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып, өндіріс көлемін арттыруда. Мұнда шығарылатын полиэтилен құбырлары мен қосалқы бөлшектерге сұраныс жоғары. Өнім  еліміздің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында кеңінен қолданылады.

ӨМІРҒАЛИ ШПЕКБАЕВ 
КОМПАНИЯНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ

Сапар аясында өңір басшысы аудан жұртшылығымен кездесіп, есеп берді. Жиында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 пайызға артып, 2,5 триллион теңгеден асты. Тұрғын үй құрылысының қарқыны да айтарлықтай өскен. Ал Жамбыл ауданының тұрғындары ауыз сумен қамту, жолдардың жайы және мектептердегі үш ауысымды оқыту мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш бойынша түсініктеме беріліп, тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жамбыл ауданының экономикалық әлеуеті жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы бюджетке 33 миллиард теңгеге жуық қаржы түссе, биыл бұл көрсеткішті 43 миллиардқа жеткізу жоспарлануда. Өңірдің негізгі күші - ауыл шаруашылығы мен өндірісте. Дегенмен, экономикалық өсіммен қатар, халықты толғандырған түйткілдер де жоқ емес. Облыс басшысы атап өткендей, әрбір мәселе назардан тыс қалмайды және олардың орындалуы тікелей бақылауда болады.

Сондай-ақ оқыңыз: