Кәсіпкерлік- Ұйғыр ауданында кәсіпкерлермен кеңейтілген кездесу өтті
Ұйғыр ауданында кәсіпкерлермен кеңейтілген кездесу өтті. Мақсат – бизнес пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылау. Жиында ауданның инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Қазіргі таңда өңірде жалпы құны 106 миллиард теңгенінің 18 жобасы іске асырылуда. Бұл жобалар алдағы үш жыл межесінде аяқталса 1 700 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы ауданда 6 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс істейді. Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және қаржылық қолдау тетіктері жан-жақты талқыланды.
ЖАННА ҚЫРҒЫЗАЛЫҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
« ...Мемлекеттік шаралар, мемлекеттік қолдаулар және қаржы институттары арқылы берілетін жеңілдетілген несиелер туралы үлкен жаңағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді алдымыздағы тұрған шаралар ол іскер аймақ бағдарламасы жаңадан іске қосылып жатқан екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі., Даму акционерлік қоғамының арнайы гарантированиясы бар кепілдігі бар, және субцидированиесі бар. Бұл өте жаңа бағдарлама»
АРМИДИН ТАЙЫРОВ
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Біздің ауданда кәсіпкерлік өте қарқынды дамыған. 6500 кәсіпкерлеріміз бар бүгінгі күнде әр түрлі салаларда қызмет атқарып отырған. Ал енді бүгінгі күнде бізде жаңағы ауылшаруашылығы саласы қатты дамығандықтан 97 пайыз аграрлық сектор болып отырғандықтан көбінесе шаруаларға көңіл бөлінеді»