Сауда-экономикалық форум
Алматыда «Қазақстан – Қытай» сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Оған Қытайдың өнеркәсіп және сауда жағынан танымал Фошань қаласының бизнес өкілдері келді. Халықаралық жиында екі ел арасындағы қандай сауда мүмкіндіктері сөз болды? Толығырақ тілшіміз тарқатсын
Форумда екі елдің кәсіпкерлері мен өндірушілері құрылыс, өнеркәсіп және логистика салаларындағы іскерлік мүмкіндіктерді талқылады. Сондай-ақ өндірістік әріптестікті дамыту мәселелері қарастырылып, бірқатар бірлескен жобалар бойынша пікір алмасу өтті.
АЗАТ ӘСЕМБАЙ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Бұл шараның негізгі маңызы екі ел арасындағы Қазақстанның кәсіпкерлерін басқа елдердің кәсіпкерлерімен түйістіру. Бірге жобаларын бастауға көмектесу. Осы қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту.»
«Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен ынтымақтастық шарттары» аспан асты елінен келген өндірушілерге таныстырылды. Жауаптылардың сөзінше өңіріміз бен Қытай арасында ел экономикасына жаңа серпін беретін бірқатар жобалар жүзеге асырылуы мүмкін.
БАУЫРЖАН ЕРМЕКБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӨҢІРЛІК ДАМУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ
«Инвесторларға өңірлік орталық пен әкімдік тарапынан жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Біздің басым бағыттарымыз – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, логистика. Барлық инвестициялы жобаларды қарастыруға дайынбыз.»
Сұраныс қажеттіліктен туындайды. Бұл жиында тұрмыс пен өнеркәсіпте қолдануға болатын жаңа технологиялар көрсетілді. Солардың бірі, өртке шыдас беретін есік түрі.
ЖАНГ ДЕЛИН
КӘСІПКЕР (ҚХР)
"Біз 1 айда 100 мыңға жуық өртке қарсы есік шығарамыз. Тауарды Америка, Аустралия және Сауд Арабия елдеріне жіберетінбіз. Енді қазақстандық кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр, бізге келіп түскен ұсыныстар да бар"
Сонымен қатар қатысушылар Алматы қаласы мен Алматы облысының инвестициялық және логистикалық орталық ретіндегі рөлін, екі ел арасындағы жаңа көлік бағыттарын дамыту мәселелерін талқыланды.