Жиһаз өндірісі
Қарасай ауданында мектеп жиҺазын шығарытын өндіріс жұмыс істейді. Заманауи технология көмегімен күніне мыңнан астам парта жиынтығы жасалады. Шағын ғана кәсіпкерліктен ауқымды бизнеске айналған жоба жайлы келесі бейнематериалда.
Цех шеберлері бір күндік жиһаз жоспарын заманауи лазерлік технологиялар көмегімен еш қиындықсыз орындайды. Оның түрі көп. Біреуі Ресейден арнайы алынса, енді бірі Германиядан тапсырыспен келген. Түркия технологиясы да іске қосылған. «Технологиялармен жұмыс істеген қызық әрі жұмысты біршама жеңілдетеді» - дейді мамандар.
АНДРЕЙ СЕМИРНЯН
КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Бұл жұмысты жақсы көргеннен кейін осындамыз. Алдымен жиһаз бөшектерін рет ретімен дайындап, бір-біріне дәл келетіндей етіп жинаймыз. Құрастыру барысында әр элементтің өз орнына нық орналасуына мән береміз. Жинақтау аяқталған соң, бұйымды бірнеше рет қолданып көріп, қозғалысын, беріктігін тексереміз. Егер бір жерінде кемшілік байқалса, сол сәтте түзетіп, қайта реттейміз. Одан кейін беті тегістеліп, қорғаныш қабатпен өңделеді»
Компания он жеті жылдан бері нарықта табысты жұмыс істеп келеді. Кәсіпкерлікті дамыту қорымен тікелей келісімшарт жасап, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарды да жиһазбен қамтамасыз етеді. Аурухана мен балабақшаға арнайы жиһаз түрлері де дайындалады.
БЕРІК ЖИЕНБАЕВ
КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ
«Алматы облысы бойынша біз 24 мектепті біз қамтамасыз еттік. Қазіргі уақытта корпусный мебель және де металлический мебельмен қамтамасыз етеміз. Болашақта мынау здание салынып жатыр өздеріңіз көріп тұрғандай. Жиһаз жұмсақ мебельмен оның ішінде диван кресло деген сияқты сондайларды ойластырып жатырмыз.»
Жұмыс металл өңдеу цехынан басталып, боялғанға дейін қажырлы еңбекті талап етеді. Кәсіпорын былтыр өнімді Қырғызстанға да жөнелтіп, алғашқы экспорттық қадамын жасаған.