Көкөніс бағасы тұрақты
Еліміздің бірқатар өңірінде жаңа піскен көгөніс пен жеміс-жидек бағасының өскені тіркелді. Әсіресе, Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында және Алматыда баға айтарлықтай қымбаттаған. Ал Алматы облысыныдағы ахуал қандай? Әріптесім Аружан Мұратқызы айтсын.
Әлеуметтік тауар мен көкөніс бағасы арнайы комиссияның тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері баға тұрақты, өсім тіркелмеген. Ал көкөніс бағасы маусымға сәйкес бірде өсіп, бірте түсіп тұрады.
Жыл басынан бері тауар бағасын негізсіз өсіргені үшін 382 әкімшілік хаттама толтырылған. Заң бұзғандар қатарында ірі тасымалдаушылар мен сауда желілері де бар. Сонымен бірге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы өнім сатып алып, оны ұсынылған үстемақыдан 40–50 пайызға қымбат бағада сатқан жағдайлар да анықталған. Сауда департаментінің өкілдері бағаның маусымдық өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл, ең алдымен, жаңа өнімнің сырттан импортталуымен байланысты.
ЖЕҢІСБЕК АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Сәуір айындағы дерекке сәйкес, бағаны тұрақтандыру қоры 800 тоннадан астам азық-түлікке ие. Өнімдер Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қоймалары мен тауар өндірушілер базасында сақталып, қажет жағдайда қор толықтырылып отырады.