Агросекторға жаңа серпін

Алматы облысында агросектор қарқын алып, өңір диқандары мен малшылары өнім көлемін арттыруға көшті. Бұл бағытта бірнеше ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобалардың барысымен өңірге жұмыс  сапарымен  келген еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі танысты. Тақырыпты Дастан Маратұлы тарқатады. 

Астаналық қонақтар алдымен  «Генофонд» серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысты. Өндірістің толық циклін жолға қойған шаруашылық қазір егіс даласында тер төгіп жатыр. Сонымен қатар, мұнда 800 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы бой көтеруде. Вице-министр құрылыс барысын өз көзімен көрді.


ЕРМЕК КЕНЖЕХАНҰЛЫ
ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
«Бұл жаңадан құрылып жатқан жоба, бұл лсыған дейін де 1200 бастық сүт тауарлы фермасы бар және қосымша жаңадан құрастырылып жатқан жоба бұл. Ішетін сүт ретінде біз өз өзімізді қамтамасыз етеміз бірақ оның сүтті өңделген өнімдерді оныфң ішінде жаңағы творог дейміз, сыр дейміз ол бойынша әрине бізде қамтамасыз ету деңгейі төмен. Сол себептен осындай жқмыстарды іске асырамыз, ол үшін арнайы қаржы қарастырылған. 

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласындағы ауқымды жобалардың басым бөлігі Алматы облысында шоғырланған. Соның бірі әлемге әйгілі «PepsiCo» компаниясының картопты терең өңдейтін зауыты. Кәсіпорын күзде іске қосылады деп жоспарланған. Оның қуаттылығы жылына 70 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Осылайша 900 жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ал Қонаев қаласының Қарлығаш шағын ауданында ірімшік зауыты салынбақ. Бұл өндіріс тағы 400 адамға жұмыс тауып береді. Нысан 2027 жылы ашылады деп күтеілуде. Сондай-ақ, зауыт жанынан қаптама материалдарын шығаратын қосымша кешен бой көтереді.

ҚҰРМАНҒАЛИ АМАНҚОСОВ
«SOFOOD» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Инвестиция көлемі шамамен 35 млрд теңгені құрайды. Оған шикізатта алғашқы этапта мына көрші елдерден және жергілікті фермерлерден аламыз. Қуаттылығына толықтай шыққан кезде 2027-28 жылдың аяғында барлық шикізат өнімдерін осы жергілікті фермерлерден аламыз деп жоспарлап отырмыз. 

Жұмыс тобы бұл сапарда егістік жерлерді қорғау мәселесін де айналып өтпеді. Қазір аймақта шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қызып жатыр. Биыл облыс бойынша 1 миллион 800 мың гектардан астам алқапқа мұқият фитосанитарлық бақылау жүргізіледі.

АЛДИЯР ӘБДІРЕШБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМБАСШЫСЫ
«Қазір тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр облыста, қазір бүгінгі күнге сол 153 мың 963 тің 15 мыңнан астам жеріне өңдеу жұмыстары жүргізілді. Саяқ шегірткеге айтатын болсам бізде облыста 27 сәуірден бастап өңдеу басталды ал жаңағы үйір шегірткелерге 7 мамырдан басталды»

Қорыта келгенде, өңірде өнімділікті арттыру бағытындағы жұмыс жүйелі. Тіпті жергілікті шаруалар қазірдің өзінде ылғал сақтаудың заманауи технологияларын жаппай қолдана бастаған. Атқарылып жатқан ауқымды істерге куә болған вице-министр облыстың агроәлеуетіне жоғары баға беріп, мемлекет тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз: